«Жас ғұмыр — жалғыз терекпін» поэзия сағаты
Кітапханада нәзік лиризмімен оқырман жүрегін тербеген ақын Нұрлан Мәукенұлының шығармашылығына арналған поэзия сағаты өтті.
Шара ақынның поэтикалық мұрасын жаңа буынға таныстырып, рухани қабылдау кеңістігін кеңейтуді мақсат етті. Кешке қала жастары, колледж студенттері және №49 мектептің 9-сынып оқушылары қатысты. Олар ақынның өлеңдерін жүрекпен оқып, әр жолындағы мұң мен сезімді терең түсінуге тырысты. Әр өлеңнен кейін пікір алмасу өткізіліп, қатысушылар ақынның ойы мен өлең мазмұны туралы өз көзқарастарын білдірді.
Шара аясында «Шабыт импровизациясы» атты шығармашылық ойын ұйымдастырылып, қатысушылар ұяшықтардағы тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беріп, Нұрлан Мәукенұлына қатысты білімдерін көрсетті. Бұл формат жастардың қызығушылығын арттырып, поэзияны қабылдауды интерактивті, жандандыра түсті.
Кештің мазмұнын әке туралы әсерлі ән және күй орындауы толықтырды. Сонымен қатар ақын туралы бейнематериал көрсетіліп, кітаптарына қысқаша әдеби шолу жасалды.
Поэзия сағаты қатысушыларды ақынның сыршыл әлемімен жақын таныстырып, оның жырларындағы терең адамгершілік және рухани мәнді қайта сезінуге мүмкіндік берді.
| |
|
|
|
|
|









