phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ПТ: 8:00-18:00
         СБ-ВС: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Новости и афиши

«Ер жігітке 7 өнер аз, 70 өнер көп емес» шығармашылық кеш

«Ер жігітке 7 өнер аз, 70 өнер көп емес» шығармашылық кеш

 

23 желтоқсан күні сағат 14.00 А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы өнерсүйер қауымды ерекше шығармашылық кешке шақырады!

«Ер жігітке 7 өнер аз, 70 өнер көп емес» атты кештің басты кейіпкері Жиынбек Рәбілұлы. 1965 жылы ШҚО, Күршім ауданы, Қойтас ауылында дүниеге келген Жиынбек Рәбілұлы заңгерлік қызметімен қатар спорт пен өнер саласында да айрықша табыстарға жеткен жан.

Ол бокстан Балтық жағалауы әскерилерінің чемпионы, таэквондодан қара белбеудің 1-дан иегері және «Әділ жауап» ұрыс өнері мектебінің негізін қалаушы. Сонымен қатар, ол үш кітаптың («Біз осындай халықпыз», «Махаббат жолы», «Тірлік») авторы және алпысқа жуық ән мен терменің авторы. Халыққа кеңінен танымал «Анашым, құдіретіңе табынамын» әнінің сөзін де, сазын да өзі жазған.

Шара барысында қатысушылар Жиынбек Рәбілұлының өмір жолымен, спорттағы, шығармашылықтағы жетістіктерімен танысып, сұхбат алаңында оның ой-пікірін тыңдайды. Кеш музыкалық нөмірлермен, шығармашылық талқылаулармен толықтырылады.

Бұл кездесуде қатысушылар ерлік пен өнердің үйлесімі, табандылық пен шығармашылықтың биіктігі, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды құрметтеу жөнінде рухани ойлармен танысады.

Барлық өнер сүйер қауымды және жастарды Жиынбек Рәбілұлының өмірлік тәжірибесі мен шығармашылық жетістіктерін көруге шақырамыз.

 


 DosAI

Предыдущая версия сайта

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp