«Қазақ өнерінің қазынасы – Сәбит Оразбаев»
2026 жылдың 15 қаңтары күні, сағат 14.00 де көрнекті актер, театр қайраткері, қазақ сахна өнерінің ірі тұлғасы Сәбит Оразбаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Қазақ өнерінің қазынасы – Сәбит Оразбаев» атты әдеби-ашық лекция өтеді.
Шараның мақсаты – Сәбит Оразбаевтың ұлттық театр өнерінің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін дәріптеу, актердің сахналық мұрасын талдау және оның өнер жолын шығыстық оқырмандарға таныстыру.
Сәбит Қоңырбайұлы - 1936 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында дүниеге келген. 1955-1959 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық консерваториясының театр факультетінде Актер мамандығы бойынша оқыды.
1960 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. Осы сахнадағы жарты ғасырдан аса шығармашылық өмірінде қазақ және әлем классикасы, қазіргі заман драматургиясынан жүзге тарта сахналық кейіпкер сомдады.
Сәбит Оразбаев - Қазақ ССР - нің еңбек сіңірген артисі, Қазақ ССР-нің халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Еңбек Қызыл ту», «Парасат», «Отан», «І - дәрежелі Достық» ордендерінің иегері, «Сахналық ғұмыр» номинациясы бойынша Қазақстан Театрлар Ассоциациясының «Сахнагер 2018» Ұлттық театр сыйлығының иегері, «Астана 20 жыл» мерекелік медалінің иегері.
Байланыс тел.: +7 705 624 1725 (Абылғвзинова Г.Т.)









