phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ПТ: 8:00-18:00
         СБ-ВС: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
«Арман дүние» деректі фильмнің тұсаукесері

«Арман дүние» деректі фильмнің тұсаукесері

16 қаңтар күні сағат 14.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада танымал ақын, драматург әрі журналист Ғалым Байбатыровқа арналған «Арман дүние» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтеді.

Ғалым Байбатыров (1949–2001) — Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласының тумасы. Ол ұзақ жылдар бойы «Достық» және «Дидар» газеттерінде жауапты қызметтер атқарған. «Сәуір самалы», «Арман дүние», «Жүрегімнің жанары» сияқты жыр жинақтарының және сахнада қойылған бірнеше пьесаның авторы. Қазақстан Журналистер одағы мен Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлықтарының лауреаты.

Деректі фильмнің авторы - Әмина Бақытбекова, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті журналистика мамандығының 4-курс студенті, университеттің баспасөз бөлімінің ресми тілшісі әрі қалалық әкімдікке қарасты жастар ресурстық орталығының баспасөз хатшысы.

Кеш барысында Ғалым Байбатыровтың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы ақпарат беретін бейнебаян көрермен назарына ұсынылады. Бейнесюжетте ақынның өмірбаянымен қатар, оның әр жылдары Зайсан аудандық «Достық» газетінде және облыстық «Дидар» газетінде қызмет атқарғаны, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ұстаздық қызметі жайлы баяндалған. Сондай-ақ, Ғалым Байбатыровтың драматург ретіндегі атқарған жұмыстары, үш қойылымының облыстық Жамбыл атындағы драма театрда сахнада көрсетілгені, Зайсан өңірінің тарихын зерттеген өлкетанушылық қызметі жайлы ақпарат қамтылған. Деректі фильмде ақынның замандастары мен шәкірттері пікір берген.

Құрметті жерлестер, жастар қолға алып, бастамашы болып жатқан жаңа жобаның тұсаукесеріне барлықтарыңызды шақырамыз!

Байланыс тел.: +7 705 624 1725 (Абылғвзинова Г.Т.)


 DosAI

Предыдущая версия сайта

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp