phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ПТ: 8:00-18:00
         СБ-ВС: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Новости и афиши

 «Қазақ өнерінің қара шаңырағы» онлайн кездесу

«Қазақ өнерінің қара шаңырағы» онлайн кездесу

28 қаңтар күні сағат 10.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен Zoom платформасында М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерларымен «Қазақ өнерінің қара шаңырағы» атты онлайн кездесу өтеді.

Шара М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының 100 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Театр 1926 жылы Қызылорда қаласында алғашқы кәсіби қазақ театры болып құрылған сәттен бастап, ғасыр бойы халқымыздың асыл мұраттарын, ұлттық құндылықтарын сахна арқылы ұрпақ санасына сіңіріп келеді. 1926 жылы қазақ театрының шымылдығы «Еңлік–Кебек» спектаклімен ашылған екен. Театрдың негізін қалаған Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Құрманбек Жандарбеков, Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қажымұқан Мұңайтпасов сынды тұлғалардың рухани аманатын кейінгі буын лайықты жалғастырып келеді.
«Театр – халықтың рухани қазынасы, мәдениетіміздің өзегі. Ғасырға жуық тарихы бар өнер ордасы әр кезеңдері көрермен сұранысына сай астары мазмұн мен мағынаға бай туындыларды өмірге әкелді. Көптің көкейіне ой салатын, күлдіріп тұрып жылататын талай тың әрі мазмұнды қойылымдарды жарыққа шығарды. Көрерменнің рухани тұрғыда жетілуіне әсер етті, жамандықтан жирендірді, жақсылыққа үйретті.
Форум модераторы: А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының қызметкері Г.Абылгазинова. Форсайт-форум спикерлері:
- Болат Мәзімбайұлы Әбділманов - кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері;
- Бекжан Тұрыс - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Театр өнеріне қызығушылық танытқан көпшілік қауымды танымал актерлермен болатын онлайн кездесуге қатысуға шақырамыз.


 DosAI

Предыдущая версия сайта

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp