phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ПТ: 8:00-18:00
         СБ-ВС: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Новости и афиши

«Ән Сәуір» — жүректерді тербеген көктем кеші

«Ән Сәуір» — жүректерді тербеген көктем кеші

2026 жылғы 16 сәуір күні  кітапхана төрінде өткен жас әнші Острокостов Леонардтың «Ән Сәуір» атты концерттік бағдарламасы көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

Көктемнің нәзік лебі мен махаббаттың мөлдір сезімін тоғыстырған бұл кеш шынайы эмоциялар мен әсем әуенге толы болды.
Шара Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні аясында ұйымдастырылып, адал сезім мен пәк махаббаттың символына айналған бұл күннің мәнін тереңінен ашып берді. Залда отырған әрбір көрермен көктемнің жылуын, жүрек тербейтін әндердің сазын ерекше ықыласпен қабылдады.
Леонардтың орындауындағы қазақ эстрадасының алтын қорына енген ретро әндер көрермендерді өткеннің тәтті естеліктеріне жетелеп, ерекше атмосфера сыйлады. Әрбір ән шынайы сезіммен орындалып, көрерменнің жүрегіне жол тапты.
Сахнада сондай-ақ өз өнерлерімен көрерменді тәнті еткен қонақтар да болды. Олардың қатарында халықтық «Русская песня» хорының солисі Любовь Семенкова, мәдениет майталманы Динара Абилкайрова, әнші Ринатова Ринада және басқа да дарынды өнерпаздар бар. Әрбір өнер көрсету кештің мазмұнын байытып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Кеш барысында айтылған жүрекжарды тілектер мен ақжарма лебіздер концерттің мәнін одан әрі тереңдете түсті. Әсіресе Үміт балалар үйі директоры Бейсеканова Майра Баймұқановнаның Леонардқа арнаған ізгі тілегі көрермендерді ерекше толқытты. Бұл сәт кештің ең әсерлі әрі мағыналы көріністерінің біріне айналды.
«Ән Сәуір» — тек концерт қана емес, ол жүректерді жақындастырған, көктемнің шуағын жанға сіңірген, махаббат пен өнердің үндестігін паш еткен ерекше рухани кеш болды. Осындай шаралар адам жанына жылулық сыйлап, өмірге деген сүйіспеншілікті арттыра түсетіні сөзсіз.

Leo 1 Leo 2 Leo 3 Leo 5 Leo 6 Leo 7 Leo 8
Leo 9 Leo 10 Leo 11  Leo 12 Leo 13  Leo 14  Leo 4 

 


 DosAI

Предыдущая версия сайта

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp