phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Есірткісіз болашақ»: психологиялық тренинг

«Есірткісіз болашақ»: психологиялық тренинг

11 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханада «Есірткісіз болашақ» атты жастарға арналған психологиялық тренинг өтті.
Шараның мақсаты – жастардың санасында есірткіге қарсы көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салтын дәріптеу. Тренингке қаламыздағы колледж студенттері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарды нашақорлықтың зияны туралы хабардар ету, олардың бойында салауатты өмір салтына деген ынтаны күшейту және бұл дерттің алдын алудың жолдарын қарастыру.
Кәсіби мамандар мен тәжірибелі психологтар жастарға күйзеліспен күресудің, өзін-өзі басқарудың тиімді тәсілдерін, сондай-ақ күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарды еңсерудің жолдарын көрсетті.
«Жастар рухы» - «Аманат» партиясының жастар қанатының төрайымы Қорлан Тугамбаева, Өскемен қаласы Психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы Сайра Букатова бұл мәселе тек Қазақстанды ғана емес әлем елдерін алаңдатып отырғанын атап өтті, әркім өз ой-пікірін ортаға салды. Қатысушылар топқа бөлініп, жағдаяттық сұрақтарға жауап берді, психологиялық жаттығулар орындады.
«Есірткісіз болашақ» – бұл тек ұран емес, жастардың жарқын өмірге деген сенімді қадамы. Қатысушы жастар нашақорлыққа алып келетін себептерді, оны анықтау жолдарын және алдын алу шараларын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
 
 
Esyr 1 Esyr 2 Esyr 3 Esyr 4 Esyr 5 Esyr 6
Байланыс тел.: 261333

|

 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp