Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы Жолдауында цифрландыру саласында қол жеткізілген нәтижелерді күшейту міндетін алға қойды. Бұл жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – кітапхана қорларын электронды форматқа көшіру. Осы стратегиялық бағыт аясында кітапханада 9 сәуір күні Дүниежүзілік кітап күні қарсаңында Кітапхана қорын цифрландыру орталығының ашылуы өтті.























