phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу»: онлайн кездесу

«Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу»: онлайн кездесу

5 маусым күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен философия ғылымдарының кандидаты, белгілі абайтанушы Омаров Асан Қайырбекұлымен «Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу» атты онлайн кездесу өтті.

Шара ZOOM платформасы арқылы өткізілді және хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Асан Қайырбекұлы – абайтану ғылымына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан көрнекті ғалым. Ол 1951 жылы Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Бөденелі ауылында дүниеге келген. Ғалымның «Бүгінгі абайтану», «Абай: ашылмай келген қырлары», «Абай шығармаларының хронологиясы», «Абай шығармаларының екі томдық жинағы. Жаңа үлгідегі басылым» және «Абай жетілуінің саты-сатылары» сынды еңбектері қазақ руханиятына қосылған маңызды еңбектердің қатарына кіреді.

Кездесу барысында Асан Омаров Абайдың әділет ілімін терең саралап, оның қазіргі заман қоғамы үшін де маңыздылығына тоқталды. Ғалым Абай философиясындағы әділдік, парасаттылық және сенім секілді үш негізгі құндылықты бөліп көрсетіп, ақын шығармаларынан нақты мысалдар арқылы түсініктеме берді.

Іс-шараға қатысушылар Абай мұрасын терең танып-білу арқылы ұлттық болмысымыздың негізінде жатқан ар, ұят, адалдық сынды құндылықтарды қайта бағамдауға болатынын атап өтті.


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp