phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

6 ақпан күні сағат 14.00-де  кітапханада ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты поэтикалық дуэль өтеді.

Шараның мақсаты – ғасыр ақыны атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақынның құдіретті поэзиясы мен әндерін насихаттау. Ақын өлеңдері арқылы қатысушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятуға, отаншылдыққа тәрбиелеуге ықпал жасау.
Поэтикалық дуэль бірнеше кезеңнен тұрады. Әрбір кезеңдегі тақырыпқа сай қатысушылар ақынның өлеңдерін кезекпен мәнерлеп оқып, бір-бірімен сайысқа түседі.
Іс-шараға қаламыздағы С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері, «Төр Алтайдың әдеби әлемі» әдеби клубының мүшелері, жалпы ақынның шығармашылығына қызығушылығы бар қала тұрғындары, оқырмандар қатыса алады. Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер шырқалатын әдемі кеш еркін форматта өтеді.
Мұқағали Мақатаевтың өміршең өлеңдері оқылатын жыр кеші қашанда
қалың оқырман тарапынан үлкен ықылас пен қолдауға ие. Келіңіздер, біз сіздерді күтеміз!


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp