phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Алаштың айбыны – Бауыржан Момышұлы...

Алаштың айбыны – Бауыржан Момышұлы...

19 желтоқсан күні сағат 14.00-де кітапханада Кеңес одағының батыры, қазақтың көрнекті жазушысы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай патриоттық іс-шара өтеді.

Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды.

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан аға біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады.

Бауыржан Момышұлы бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

Кітапхана шаңырағында Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан шараға қаламызағы әскери бөлім қызметкерлері қатыспақшы. Шарада Бауыржан Момышұлының көшбасшылық қасиеттері, жауынгерлік тәжірибесі туралы баяндамалар оқылып, қазақтың қайсар қолбасшысының өмірбаянына қатысты қызықты ақпараттар айтылады. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалынады.


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp