phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Қылқаламдағы қазақы рух» сурет көрмесінің ашылуы

«Қылқаламдағы қазақы рух» сурет көрмесінің ашылуы

19 мамыр күні кітапханада қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері әрі түрколог Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған «Қылқаламдағы қазақы рух» атты сурет көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрме ақын, өлкетанушы, коллекция жинаушы, мұрағатшы, Ұлан ауданының Құрметті азаматы Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіровтің ұйымдастыруымен өткізілді. Шара аясында көрермен назарына Алдияр Ақылбекұлының жеке мұрағатында сақталған сирек суреттер мен құнды өнер туындылары ұсынылды.
Кеш барысында Олжас Сүлейменовтің әдеби мұрасы, түркі әлемінің руханиятына қосқан еңбегі мен ұлттық мәдениеттегі орны кеңінен сөз болды. Көрмеге қойылған әрбір туынды қазақ рухы мен тарихи танымды бейнелейтін ерекше дүниелер ретінде көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Шарада көрмені ұйымдастырушы Алдияр Әубәкіров сөз сөйлеп, экспозициядағы жұмыстардың тарихына тоқталды. Сонымен қатар құрметті қонақтар қатарында болған СССР Жазушылар одағының мүшесі, Ханой қаласының Құрметті азаматы Борис Васильевич Щербаков пен ҚР суретшілер одағының мүшесі, суретші Болат Каримұлы, Николай Павлович Аштеме көрме туралы өз пікірлерімен бөлісті.
Тағылымды шара ұлттық өнерді насихаттап, тарихи жады мен рухани құндылықтарды дәріптеген мазмұнды мәдени кездесу ретінде есте қалды.

 

Olzhas korme 1 Olzhas korme 2 Olzhas korme 3 Olzhas korme 4 Olzhas korme 5 Olzhas korme 6 Olzhas korme 7
Olzhas korme 8 Olzhas korme 9 Olzhas korme 10 Olzhas korme 11 Olzhas korme 13 Olzhas korme 12 Olzhas korme 14

 


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp