|
Көшпелі кітапхана

«Большевик Алтая» облыстық газеті 1946 жылы 1 ақпанда: «А.С.Пушкин атындағы кітапханаға ешкім аяқ баспайды. Тәулік бойы тұнған тыныштық.... Кітапхананың бар екендігін бәрі ұмытқан тәрізді. Қазіргі қыс мерзімінде кітапхана қызметін ешкім де пайдаланбайды. Және ол мәдениетті мекеме залына емес, қалған-құтқан қағаздар мен сынған жиһаз қоймасына ұқсайды. Бұған кім келеді?
Үлкен үстелде қалай болса солай «Ірі», «Кіші», «Техникалық» ... энциклопедиялардың жүздеген томы үйіліп жатты. Сары түспен сәнді түптелген томдар шаң басып жатты. Оларды қалпына келтіру жайлы әңгіме де жоқ еді...» деп жазды.

Баспа жарияланымдары қайткенмен әсер еткен болар. Бұдан кейін Мәдени ағартушылық мекеменің облыстық бөлімі аталған мәселені қолға алды. 1946 жылы 20 ақпанда газет беттерінде: «... облыстық және балалар кітапханаларына қолайлы ғимарат берілді, (Тоқтаров көшесі, 63) кітапханалар сонда 8 ақпаннан бастап қызмет атқарып жатыр» делінген.
Үлкен үстелде қалай болса солай «Ірі», «Кіші», «Техникалық» ... энциклопедиялардың жүздеген томы үйіліп жатты. Сары түспен сәнді түптелген томдар шаң басып жатты. Оларды қалпына келтіру жайлы әңгіме де жоқ еді...» деп жазды.


Газет жарияланымын арнайы құжат дәлелдей түсті, ол – 1946 жылғы 9 қаңтардағы Өскемен қалалық еңбекшілер депутаты Қалалық кеңесінің: «Облыстық кітапхана жұмысына қолайлы жағдай жасау мақсатында... балалар емханасы ғимаратына (Тоқтаров көшесі, 63) көшірілсін» деген шешімі еді.
Сонымен, кітапхана жаңа ғимаратта. Ол – бес бөлмелі ескі көпестік ғимарат, мұнда кітапхана 40 жылға жуық қызмет көрсетті.
Кітапхана қарқынды дамып, кәсіби кадрлар да пайда болды. Кітап қорын толықтыруға бөлінетін мемлекеттік бюджет жыл сайын артып отырды. 1941 жылы кітап қорын толықтыруға – 1680 руб. бөлінсе, 1950 жылы 5600 рубльге жеткен. Кітап қоры – 8 000 дананы құрады.
Ю.Ф.Шугрина естеліктерінде: «... Бұл қала зиялыларының өзіндік клубы мен кездесу орны болды. Сол кездері өткен көпшілік іс-шаралар хаттамаларына көз сала отырып, пединститут оқытушылары, дәрігерлер, инженерлер мен ұстаздардың конференциялардағы қызу пікір-таластарын байқай аламыз. Ал оларды басшылыққа алған, сұлу да керемет жан - Мария Петровна еді» деп жазылған.



Бәрі де жақсы болды, тек Тоқтаров көшесіндегі ғимарат оқырмандар мен кітапханашылар көңілінен шықпады. Бұл мәселе жайлы сол кезеңнің мерзімді басылым беттерінде бірнеше мақала да жарық көрген еді. 1956 жылы кітапхана мәселелеріне байланысты екі жарияланым жарық көрді.
1959 жылы оқырман залы қоры Горький көшесіндегі, саудагер А.Б.Бобровтың дүкені болған ғимаратқа көшірілді.