phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Ұлттың үні – Домбыра»: әдеби-ақпараттық көрмесі

«Ұлттың үні – Домбыра»: әдеби-ақпараттық көрмесі

     Құрметті оқырмандар! Қазақстанда шілде айының бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы баршаңызды «Ұлттың үні – Домбыра!» атты әдеби көрмесін тамашалауға шақырады. Көрме кітапхананың екінші қабатында орналасқан және 1 шілде –10 шілде аралығында жұмыс істейді.

       Бұл мереке ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту мақсатында 2018 жылы Президент Жарлығымен бекітілген. Домбыра – ежелгі көшпенділерден бүгінгі күнге жеткен музыкалық мәдениеттің символы. Көрмеге ұсынылған кітаптар сіздерді домбыраның ерекше әлеміне жол  ашады. Көрмеге қойылған кітаптар арқылы домбыраның түрлері, оның ежелгі атаулары т.б. жайлы мәлімет алуға болады. 

    Домбыраның қаншалықты күмбірлеп, сазды әуенге салуы он саусағынан өнер тамған шеберге де байланысты. Біздің көрмеде домбыра жасаудың, оны безендірудің кезеңдері мен технологиясы, сондай-ақ осы аспапты жасаудың белгілі шеберлері туралы қолжетімді жазылған әдебиеттерді таба аласыздар.

      Ұлы ақындар мен олардың ізбасарлары туралы деректер, сонымен қатар ақындар мұрасы, өмірбаяндары, олардың қызықты сәттерімен танысуға да мүмкіндік бар. Домбыра тарту өнерін үйренгісі келетіндер үшін көрмеде оқу құралдары ұсынылған.

     Экспозициядан орын алған Ахмет Жұбанов, Александр Затаевич және басқа да көптеген зерттеушілер мен фольклор сақтаушылары жинаған түрлі өңірдегі күйлердің, мектептердің, дәстүрлердің ноталық жазбалары осы сала мамандары үшін таптырмас еңбек болары сөзсіз.

    Домбыра – әлемдегі ең көне аспаптардың бірі. Бүгінгі күнге дейін бірде-бір маңызды оқиға, мереке оның әуенінсіз өтпейді.

Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Үйлеріңіз әрдайым күмбірлеген домбыраның әсем де әуезді үніне толы болсын!

 Домбыра 2  Домбыра 4  Домбыра 7  Домбыра 1  Домбыра 3  Домбыра 6

Байланыс тел.: 26-13-33


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp