phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Жаңалықтар & афишалар

    «Свет её добрых дел»:  поэзиялық жинақтың таныстырылымы

    «Свет её добрых дел»: поэзиялық жинақтың таныстырылымы

    28 қарашада сағат 14:00-де кітапханада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Вера Николаевна Сухорукованың туғанына 75 жыл толуына арналған «Свет её добрых дел» поэзиялық жинағының таныстырылымы өтеді.

    «Вера Николаевнаның қаламыздың тарихындағы орны ерекше. Өскеменнің жалғыз әйел әкімі болған ол тұрғындарының жадында берік мінезі мен ұстанымы бар, қала мүддесін қорғай білген, күрделі шешімдер қабылдап, халыққа қамқорлық жасай алған басшы ретінде қалды. Оның басқарған кезеңін көбі осы күнге дейін «Вера дәуірі» деп атайды. Ол 2020 жылы өмірден өткенімен, Вера Николаевнаның қайырымды істері, мен жарқын бейнесі ел жүрегінде.

    Жинақтың тарихы «Звено Алтая» әдеби бірлестігі ұйымдастырған Вера Сухорукованы еске алуға арналған «Тұлға. Уақыт. Естелік» («Личность. Время. Память») әдеби байқауынан бастау алды. Кітап осы жобаның шығармашылық жалғасы болып, 40-тан астам поэзиялық туындылар мен ән мәтіндерін біріктірді. Оларда — түрлі авторлық интонациялар, жеке естеліктер, алғыс пен өмірі қала мен оның тұрғындарының тағдырында өшпес із қалдырған адам туралы толғаныстар көрініс тапқан.

    Бұл кездесу Вера Николаевнаны тағы бір мәрте еске алуға, оған арналған жолдарды тыңдауға және есімі ел жүрегінде сақталған тұлға туралы естелікке ортақтасуға мүмкіндік береді.

    Вера Николаевна Сухорукованың есімін ардақтайтын, туған өңір тарихына қызығушылық танытатын және поэзияны бағалайтын барша қауымды шақырамыз.


     DosAI

     old site

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     

    :


    ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp