phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Астанаға деген махаббатпен!

Астанаға деген махаббатпен!

Құрметті оқырман! Сіздерді еліміздің Астана күніне арналған «Астанаға деген махаббатпен!» әдеби экспозициялық көрмесіне шақырамыз. Көрме кітапхананың екінші қабатында орналасқан және 3 шілдеден 13 шілде аралығында жұмыс істейді.

         Кітап көрмесіндегі материалдар Астананың қалыптасу тарихымен қатар, елорда дамуының экономикалық, мәдени және әлеуметтік аспектілері туралы, Астана қаласының киелі маңызы туралы әңгімелейді. Экспозициядағы туындылар арқылы еңселі елордамыздың негізі қаланған уақыттан бүгінгі кезеңге дейінгі тарихын салыстырып көруге болады.

         Мысалы, елорданы көшіру мега-жобасын жүзеге асырудың шежіресі Астана қаласының бірінші әкімі Әділбек Жақсыбековтің «Так начиналась Астана», «Зажечь звезду - столицу» кітаптарында көрініс табады. Мұнда Ә.  Жақсыбеков Астана тарихының маңызды кезеңдері, қиындықтар мен оларды еңсеру, бірегей ғимараттар құру туралы баяндайды.

     Сондай-ақ, көрмеден саясаткерлердің, қоғам қайраткерлері мен мәдениет қайраткерлерінің естеліктерін таба аласыз. Елордамызды қайта құрудың бастауында тұрған қазақстандық және шетелдік көрнекті суретшілердің фотоальбомдарымен танысу мүмкіндігі де бар. Сол суреттер арқылы қаламызды басқаша қырынан тануға болады. Кітаптарды парақтай отырып, Астанаға онлайн серуендеп, оның сәулетімен, мүсіндерімен, ескерткіштерімен, сұлулығымен және көрікті жерлерімен танысқандай күй кешесіз.

        Бұл мерекелік көрме оқырмандарды Елорданың тарихымен, дамуымен, жетістіктерімен және көрікті жерлерімен танысуға, өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен мақтаныш сезімін оятуға, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыруға, тарихи және мәдени мұра туралы білімді нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.                                                          

 

 Байланыс тел.: 26 33 33


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp