phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Мемлекеттік тіл және жастар»: дөңгелек үстел

«Мемлекеттік тіл және жастар»: дөңгелек үстел

15 сәуір күні А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ШҚО филиалының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл мәртебесі және жастар» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесі мен жастар мәселелерін талқылау.
Шараға ШҚО Ішкі саясат басқармасының Жастар ісі орталығының сектор меңгерушісі Еркін Бейбітұлы, Өскемен қалалық Жастар орталығының басшысы, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Бақытжан Ербол, ұстаз, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Надежда Шушаникова, ШҚО «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Қ. Туғамбаева, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың тәрбие ісі жөніндегі өкілі Дәурен Серікұлы, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың аға оқытушысы Гүлжан Есімжанова, облыстық «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» қоғамдық институттармен жұмыс бөлімінің сарапшысы Үкілай Тұрарбекқызы қатысты.
Шара барысында қазақ тілін үйреніп жүрген жастар өз ойларымен бөлісті.
Дөңгелек үстелде мемлекеттік тілдің қоғамдағы орнын нығайту, жастар арасында оны дамыту және қолдану мәселелері кеңінен талқыланды.
Талқылау барысында тіл саясатының тиімділігі, оның өзге ұлт жастары арасында қалыптасуына әсері, сондай-ақ ұлттық мәдениетті сақтау мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар қатысушылар мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру үшін инновациялық әдістер мен іс-шаралар ұсынды.
Жиын қорытындысында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және жастардың белсенділігін арттыру мақсатында жаңа ұсыныстар мен бастамалар жасалды. Бұл талқылау ұлттық бірегейлікті нығайтуға және мәдени-әлеуметтік байланысты тереңдетуге бағытталғаны атап өтілді.

Mem 2 Mem 3 Mem 4 Mem 5 Mem 6 Nem 7

Байланысшы: + 7 701 183 0084 Аскерхан Ақтай


|

 DosAI

 old site

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp