phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Шабыт шуағы»: әдеби шығармашылық кеші

«Шабыт шуағы»: әдеби шығармашылық кеші

26 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында нәзік лирикасымен оқырман жүрегін жаулаған жас ақын, «Төр Алтай» шығармашылық тобының мүшесі, «Жас қалам» жинағының авторы Шұғыла Төлеубектің шығармашылығына арналған «Шабыт шуағы» атты шағын шығармашылық әдеби кеш өтті.

Кешке жыр сүйер қауым, жастар, ақынның шын жанашыр туыстары келіп, құшағын гүлге толтырды. Жүректен шыққан сұхбат пен сырлы өлеңдерге толы кездесуде ақын өз поэзиясының бастауы, шабыт көздері, өмірлік ұстанымы туралы ой өрбітті. Тыңдарман қауым Шұғыла поэзиясында туған жерге деген сағыныш пен аналық мейірім, рух пен сезім үйлесімін үйлесім тапқан.
Ақынның бүлдіршін қыздары Нұрайшаның «Аққу биі» мен Нұраянаның "Анашым анам" әні, Күнсәуле орындаған әсерлі ән кеш көркін аша түсті. Жастармен еркін сұхбат, оқырман тарапынан қойылған сауалдарға ақынның шынайы жауаптары әдеби кештің жанды да шынайы өтуіне себеп болды.
Шұғыла Төлеубек - шығармашылыққа шынайы берілген, заманауи поэзияда өзіндік үні бар жас ақын. Оның шығармалары түрлі басылымдарда жарық көріп, әдеби ортада оң бағасын алып келеді.
«Шабыт шуағы» - өлеңге шөлдеген жүректерге рухани нәр, шабыт іздеген жанға бағыт берген кеш болды. Біз де кітапхана ұжымының атынан ақынға шығармашылық табыс тілеп болашақта үлкен кештің болуына тілек білдірдік.

Shugyla 1 Shugyla 2 Shugyla 3 Shugyla 4 Shugyla 6 Shugyla 7

                 

 Байланыс тел. : 26-13-33


|

 DosAI

 old site

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp