phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Тарихтың куәлары: ерлік пен бейбітшілік сабақтастығы»: соғыс ардагерлері ұйымының мүшелерімен кездесу

«Тарихтың куәлары: ерлік пен бейбітшілік сабақтастығы»: соғыс ардагерлері ұйымының мүшелерімен кездесу

2025 жылдың 5 мамырында сағат 14.00 де А. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Соғыс ардагерлері ұйымының мүшелерінің қатысуымен патриоттық ерлік сабағы өтеді.

Шараға «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобының» құрамында болған жерлес ардагерлер қатысады.

«Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы» 1945 жылы 10 маусымда құрылып, оған 1-Белорусь, 2-Белорусь және 1-Украин майдандары әскерлерінің құрамалары енді. Олардың алдына қойылған маңызды міндет – басып алынған аймақты басқару және оны бейбіт өмірге қайтару, КСРО-ның батыс шекарасын сыртқы қауіп-қатерден қорғау болды.Уақыт өте келе ГДР аумағында орналасқан КСРО Қарулы Күштері КСРО-ның Батыстағы мемлекеттік шекарасын бірінші кезекте қорғайтын құрам болып есептелді. Топтың жеке зауыттары, инфрақұрылымдық нысандары, қосалқы учаскелері, офицерлер мектептері, пионер лагерлері, санаторийлер, сауда желісі, офицер үйлері, теледидар орталықтары, тұрмыстық қызмет көрсету кешендері, клубтар, әскери ән және би ансамбльдері, өз драма театры болды. Германиядағы Кеңес Әскери күштері тобы Германия мемлекетінен ресми түрде 1994 жылдың 31 тамызы күні түпкілікті шығарылды.

Шараға мектеп оқушылары, жастар, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері шақырылып отыр. 

Ерлік сағатының барысында патриоттық  мазмұндағы материалдар көрсетіліп, сұрақ-жауап, өзара пікір алмасу болады деп жоспарлануда.


|

 DosAI

 old site

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp