phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мерекелік бағдарлама

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мерекелік бағдарлама

 

9 тамыз күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана қызметкерлері ұлы ақын, ойшыл, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлына арналған үлкен мерекелік іс-шараға қатысты.

Қаламыздағы ең көркем жерлердің бірі Солжағалау кешенінде өткен шарада тамаша безендірілген көз тартарлық әсем де кең киіз үй ішінде кітапхана қалалықтар мен қала қонақтарына «Абай мұрасы ұлтымыздың рухани қазынасы» атты ауқымды әдеби көрмесін ұсынды.

Ұлы ақынға арналған мазмұнды көрмені қалалықтар мен Астана, Алматы, Жамбылдан келген қонақтар аса қызығушылықпен тамашалады. Келушілер назарына ұсынылған басылымдарға әсіресе жастардың назар аударып, кітаптарды парақтауы ерекше қуантады.

Этносаябаққа жиналған қауым сондай-ақ, облыстық филармония өнерпаздарының мерекелік концерті мен ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін облыстық драма және опера театрының қойылымын тамашалап, Абай үйіне саяхат жасады. Абай үйіне келушілер мол дастарханнан дәм татып, қолөнер бұйымдары мен естелік кәдесыйлар көрмесін тамашалап, балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған қызықты да танымдық алаңда түрлі ұлттық ойындар ойнап, шеберлік-сағаттарына қатысты. Облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы көру мүмкіндігі шектеулі жандарға Луи Брайль қарпімен жазылған кітаптар көрмесін ұсынды.

Күні бойы парк аумағында Абайдың әсем әуезді әндері шалықтап, демалушыларға ерекше көңіл-күй мен шабыт сыйлады.

Abai9 1 Abai9 2 Abai9 3 Abai9 4 Abai9 5 Abai9 6
Abai9 7 Abai9 8 Abai9 9 Abai9 11 Abai9 10 Abai9 12

 

Байланыс тел.: 26 13 33

 


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp