phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Абай мұрасы - ұрпаққа аманат» әдеби байқауы

«Абай мұрасы - ұрпаққа аманат» әдеби байқауы

24 қыркүйек күні А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» атты облыстық байқау өтті.

Байқауға қала мектептерінен  100 оқушы қатысып, үш бағыт бойынша өз өнерлерін ортаға салды. 
Шараға әділ-қазылық еткен тұлғалар қатарында: ҚР ағарту ісінің үздігі, ардагер, әдіскер ұстаз, Күршім ауданының құрметті азаматы – Сарипова Қатиза Байбазарқызы, өңірімізге танымал айтыскер ақын, «Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебінің» ұстазы – Қуаныш Еркін, ақын, ұстаз – Естай Жаңабай болды.
Эссе бағытының жеңімпаздары: 
Бас жүлде – «Дарынды балаларға арналған Жамбыл  атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-  гимназия – интернатының» оқушысы - Қабдылқызы Айша; 
І орын – «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің» 3 курс студенті -  Арданбекқызы Арна; 
ІІ орын –«Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің» 3 курс студенті Мырзабекова Назерке Аянқызы; 
ІІІ орын –Өскемен қаласы білім беру бөлімінің «№50 мектеп» оқушысы - Бекжан Алтынай. 
Арнайы номинациялар: «Көркем ой иесі» – Өскемен қаласы білім беру бөлімінің «№47 мектебінің» 10 сынып  оқушысы -  Алмасқызы Амина және Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы - Оразғалиева Қымбат. 
Абай өлеңдерін жатқа оқу бағытының жеңімпаздары: 
Бас жүлде – «Дарынды балаларға арналған Жамбыл  атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-  гимназия – интернатының» оқушысы - Тұрарұлы Нұрболат;
І орын – «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының» оқушысы Жанарбекқызы Ділдә;
ІІ орын – «Оралхан Бөкей атындағы №44лицей» оқушысы Қайнархан Балжан;
ІІІ орын – Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 орта мектебінің» оқушысы – Бидахметова Даяна;
Арнайы номинациялар: «Көркемсөз оқу шебері» – «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» оқушысы Абылғазы Дінмұхамед және «№35 орта мектебінің» оқушысы Айдархан Самғар. 
Абай қара сөздерін жатқа оқу бағытының жеңімпаздары: 
Бас жүлде - «М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінің» оқушысы – Қайсар Инабат;
І орын – «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лиценің» оқушысы Берікболова Адина;
ІІ орын – Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 орта мектебінің оқушысы – Маратова Назерке;
ІІІ орын – Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№42 орта мектебінің оқушысы – Хабиева Инават;
Арнайы номинациялар: «Қара сөз оқу шебері» – Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебінің оқушысы - Мұхаметбекова Лаура және «№14 орта мектебінің оқушысы Фархатұлы Нұрсұлтан. 
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұл байқау – жас ұрпақтың Абай әлеміне тағы бір қадам жақындауына жол ашып, рухани қазынадан нәр алуға себепкер болған тағылымды шара болды.
 
 Abai oqulary 1 Abai oqulary 2  Abai oqulary 4 Abai oqulary 8  Abai oqulary 9  Abai oqulary 11  baiqauAbai 
 abaibaiqauy 1  abaibaiqauy 2  abaibaiqauy 3  abaibaiqauy 5  abaibaiqauy 6 abaibaiqauy 7   abaibaiqauy 8

 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp