phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Абай – халық жүрегінде

Абай – халық жүрегінде

 

10 тамыз күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қазақ халқының рухани көсемі, данышпан ойшыл, мәңгілік сөз зергері Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мазмұны терең, тағылымы мол мерекелік іс-шара өтті.

«Абай мұрасы ұлтымыздың рухани қазынасы» атты интерактивті көрме аясында сирек кітаптар қоры, заманауи басылымдар мен көркем суреттер ұсынылды. Бұл материалдар ақынның болмысын жан-жақты танытып, көрермендерге рухани әсер сыйлады.

Іс-шараға келген қонақтар «Біздің Абай» электронды кітапханасының жаңартылған нұсқасымен танысып, Абай мұрасын заманауи цифрлық форматта қабылдау арқылы өткен мен бүгіннің арасындағы байланысқа терең бойлады.

«Абайдың өлеңдерін бірге оқимыз» атты ашық микрофон алаңы кітапхана кеңістігін поэзия әуеніне бөлеп, рух пен лирика үндескен әсерлі шараға айналды. Қатысушылар Абай өлеңдерін тебірене оқып, ақын сөзімен сыр бөлісті. Әсіресе балалардың белсенділігі мен шабытпен оқыған жырлары көпшіліктің көңілінен шықты.

Жас ұрпақ санасында Абай бейнесін тереңірек қалыптастыру мақсатында түрлі викториналар, ұлттық және танымдық ойындар ұйымдастырылды. Балдырғандар салған суреттер, Абайдың мағынасы терең қара сөздері мен оған қатысты сұрақтарға белсенді қатысқан оқырмандар шынайы қызығушылық танытып, өз ықыластарын білдірді.

Іс-шара соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.

Кітапхана төрінде өткен бұл мерейлі рухани жиын ел есінде ұзақ сақталатын, жүректерде өшпес із қалдырған ерекше күн болды.

Abai180 1 Abai180 2 Abai180 3 Abai180 4 Abai180 5 Abai180 6
Abai180 7 Abai180 8 Abai180 9 Abai180 10 Abai180 11 Abai180 12
Abai180 13 Abai180 14 Abai180 15 Abai180 16 Abai180 17 Abai180 18

Байланыс тел.: 261333


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp