phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Шоқан мұрасы – дәуір шежіресі» онлайн сұхбат

«Шоқан мұрасы – дәуір шежіресі» онлайн сұхбат

24 қыркүйек күні кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына орай танымал журналист, шоқантанушы, зерттеуші ғалым, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жарылғап Бейсенбайұлымен «Шоқан мұрасы – дәуір шежіресі» атты онлайн сұхбат өтті.

Жарылқап Бейсенбайұлы 1947 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданында туған. Жарылқап ағамызды журналист, Шоқантануға үлкен үлес қосқан зерделі зерттеуші, ұлттың айбарына айналған «Ана тілі» басылымының алғашқы басшысы ретінде халық жақсы таниды.
Жарылқап Бейсенбайұлы әуелі Шоқанның 1856 жылы басынан өткерген атақты «Ыстықкөл сапары» жайлы күнделігін құшақтап, дәл осында аты аталып, түсі түстелген жерлерді жаяу аралап, сонау Петербург, іргедегі Омбы, өзіміздің Семей мен Қапал, қырғыздың Ыстықкөліне дейін Шоқан басқан іздермен жүріп өткен. Нәтижесінде, 1975 жылы ғалымның туғанына 140 жыл толған мерейтойы қарсаңында «Шоқанның ізімен» атты алғашқы кітабын жарыққа шығарған.
Ол бұдан басқа «Буырқанған бояулар», «Әдеп әлемі», «Жасын-тағдыр жарқылы», «Қазақ шежіресі», «Арғы түрктер ақиқатының ізімен» атты деректі-танымдық, эссе, зерттеу кітаптарының және «Шоқан» роман-эссесінің авторы. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.
Онлайн шара барысында Шоқанның өміріне, өліміне байланысты, артындағы мұрасына қатысты тың деректер айтылды.


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp