
«Алтын адам аманатын арқалаған ғалым» дөңгелек үстел
30 қыркүйек күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жаратылыстанушы ғалым Жылқыбаева Мағрипа Шөжеғұлқызының 80 жылдығына орай «Алтын адам аманатын арқалаған ғалым» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараның мақсаты - Есік қорғандағы Алтын адам мұрасы бойынша әлемде тұңғыш рет прото дәуірдегі алғашқы адамзат тілінің расшифровкасын жасаған жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Шөжеғұлқызының ғылыми мұрасын жас ұрпаққа таныстыру.
Мағрипа Шөжеғұлқызы Жылқыбаева 1945 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1969 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін тәмамдаған. Мағрипа Жылқыбаева - оптикалық кристалдарға радиацияның әсері жайында кешенді зерттеу жүргізген әлемдегі тұңғыш ғалым.
Шараға арнайы шақырылған зейнеткер ұстаз, тарихшы, өлкетанушы Нұғыманов Бақытбек Бажейұлы ғалымның Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын 30 жыл бойы зерттеп, олардың құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан еңбегіне тоқталды. 1989 жылдан бастап Алтын адамның күміс зереншесіндегі 26 таңбаны оптика ілімі арқылы талдаған Мағрипа Шөжеғұлқызы Қазақстандағы және шет елдердегі 1000-нан астам жартас жазулары мен көне каллиграфиялық суреттердің шифрын шешкен адам.
Ғалымның елу жылдық ғылыми-шығармашылық еңбегінің нәтижесі 2019 жылы «Нұрлы әлем» баспасынан жарық көрген «Алтын адамның аманаты», «Алтын адамның мұрасы» және «Құпия күштер құдіреті» атты көлемді басылымдарда көрініс тапқан. Кітапхана қызметкері Динара Алиева осы кітаптарға шолу жасап, қатысушыларға кітап мазмұнын таныстырып өтті.
Дөңгелек үстел отырысына қаламыздағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығындағы білім алушы ұстаздар қатысты.
|
|
![]() |
|
![]() |
![]() |
|
Байланыс тел.: 261333