«Қалихан Ысқақ оқулары» облыстық байқауы
17 қазан күні кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Қалихан Ысқақтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Қалихан Ысқақ оқулары» атты облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – қаламгердің мол мұрасын насихаттау, жастарды рухани құндылықтарға баулу және көркем сөздің қадірін арттыру.
Қадірлі қонақтар қатарында жазушының туған жері – Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылынан арнайы келген жазушының ағасының туған ұлы Айдын Сайлаухан қаламгер әулеті атынан сөз алып, байқау шымылдығын ашып, қатысушыларға сәттілік пен шабыт тіледі.
Әдеби дода екі кезеңнен тұрды:
- I кезең – үзінді оқу, онда қатысушылар Қалихан Ысқақ шығармаларынан мәнерлеп үзінді оқып, көркем сөз шеберлігін танытты;
- II кезең – сұрақ-жауап, бұл бөлімде сайыскерлер жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді.
Байқаудың қазылар алқасын төмендегідей әдебиет пен мәдениет саласының өкілдері құрады:
- филология ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қауымдастырылған профессоры Айымгүл Қамзақызы Сейпутанова;
- Жазушының жақыны, байқаудың құрметті қонағы Айдын Сайлаухан;
- А.С. Пушкин атындағы кітапхананың көпшілік шаралар бөлімінің жетекшісі Гүлбаршын Тілегенқызы Абылғазинова.
Байқауға қаламыздың оқу орындары студенттері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Байқау қорытындысы төмендегідей:
Бас жүлде - Абай атындағы ШҚО гуманитарлық колледжінің студенті – Сейтмұқаш Еркеназ;
1-орын – С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті – Идаятов Расул;
2-орын – Қазақ Американдық Еркін университетінің студенті – Саитова Айша және Абай атындағы ШҚО гуманитарлық колледжінің студенті Тоқтаубекова Эльнара;
3-орын - Абай атындағы ШҚО гуманитарлық колледжінің студенттері Кибатова Дильназ, Қадылбекова Шолпан, Калелова Тоғжан иеленді.
Сонымен қатар, Абай атындағы ШҚО гуманитарлық колледжінің студенттері Ниязбекова Асылжан, Тоқтасын Нұрдана, Айдарханқызы Айдана «Көркем сөз оқу шебері» арнайы жүлдесімен марапатталды.
Қатысушылар дипломдар мен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Аталмыш байқау жас ұрпақ бойына әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттырды деген сенімдеміз.
| |
|
|
|
|
||
| |
|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|


































































