phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Қыран елім – Қазақстан» жас суретшілер байқауы

«Қыран елім – Қазақстан» жас суретшілер байқауы

Республика күні қарсаңында 22 қазанда  кітапханада «Қыран елім – Қазақстан» атты облыстық жас суретшілер байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезім ұялату, бейнелеу өнері арқылы елдік құндылықтар мен тәуелсіздіктің рухын дәріптеу, шығармашылық қабілетті дамыту болды.

Бұл өнер додасына барлығы 21 қатысушы қатысты. Олардың қатарында қаламыздағы «Сурет» үйірмесінің, «Pro ART» студиясының, ШҚО білім бөлімінің №45 орта мектептің, сондай-ақ «Креативный ART» балалар үйірмесінің жас қылқалам шеберлері өз туындыларын ұсынды.

Жас суретшілердің жұмыстары келесі тақырыптар бойынша қабылданды:

• «Менің Қазақстаным – бейбіт ел»

• «Тәуелсіздік – басты құндылығым»

• «Туған жерімнің табиғаты»

• «Рухани жаңғыру: дәстүр мен болашақ»

Әр жұмыс идеяның бірегейлігіне, көркемдік деңгейіне және орындау шеберлігіне қарай бағаланды.

Байқаудың ашылуында қатысушылар мен қонақтар Мемлекеттік Әнұранды орындап, ел рухын сезінді. Алғы сөзді Қазақстан Журналистер одағының ШҚО филиалының төрағасы, «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлы бастап беріп, жас суретшілерге шығармашылық табыс тіледі.

Байқау жұмыстарына әділ бағасын берген қазылар алқасы құрамында: ҚР Суретшілер одағының мүшесі Бекбердинова Гүлнар, Қазақстан Журналистер одағының ШҚО филиалының төрағасы Мерей Қайнарұлы болды. 

Байқау жеңімпаздары төмендегідей: 

Бас жүлде – Алтай Амина

1-орын – Пайзрахманова Жанайым

2-орын - Мукашева Маржан және Асланқызы Алима

3-орын – Липина Милана және Алтаев Нұрсұлтан

Сонымен қатар, «Жас қылқалам шебері» арнайы жүлдесімен Жәнібек Мәди, «Ең үздік патриоттық сурет» арнайы жүлдесімен Темірбекова Арайлым марапатталды. 

Марапаттау сәтінде үздік шыққан қатысушыларға дипломдар және сыйлықтар табысталды. Шара барысында жас таланттардың өнеріне арналған музыкалық нөмірлер орындалды.  

«Қыран елім – Қазақстан» байқауы жас суретшілердің қиялын, елге деген сүйіспеншілігін және шығармашылық әлеуетін айшықтаған жарқын мерекеге айналды.

 Suret baiqauy 4  Suret baiqauy 5  Suret baiqauy 7  Suret baiqauy 9  Suret baiqauy 13  Suret baiqauy 17
 Suret baiqauy 10  Suret baiqauy 14  Suret baiqauy 3  Suret baiqauy 8  Suret baiqauy 11  Suret baiqauy 2
 Suret baiqauy 15  Suret baiqauy 6  Suret baiqauy 18  Suret baiqauy 16  Suret baiqauy 1  Suret baiqauy 12

Байланыс тел.: 26-13-33


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp