phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Қыран рухты әулет» тағылымды кездесу

«Қыран рухты әулет» тағылымды кездесу

Кітапханада Наурызнама онкүндігі аясында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне» орай «Қыран рухты әулет» атты тағылымды кездесу кеші өтті.

Кештің мақсаты – Ұлан ауданында тұратын Манай әулетінің бірлігі мен татулығын, өзара сыйластығы мен бауырмалдығын насихаттау, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық тәрбие мен дәстүр сабақтастығын көрсету болды.

Шара барысында қатысушылар өнер мен салт-дәстүрді өмірлік ұстанымына айналдырған өнегелі әулет – Манай әулетінің өмір жолымен танысты. Жылқы баптап, құс салу өнерін жалғастырып келе жатқан бұл әулет ұлттық құндылықтарды дәріптеп, оны отбасылық тәрбиенің өзегіне айналдырып отырған ерекше шаңырақ ретінде таныстырылды.

Кездесу кешінде әулеттің үлкені, әнші Қадыхан Манайұлы мен  жары Айнұр Қуанғанқызы өздерінің өмір жолы, бала кезден бойына сіңген ұлттық тәрбие мен әке өнегесі туралы әңгімелеп, көрермендерге әннен шашу шашты. Сондай-ақ, Мамырхан Манайұлы отбасы құндылығы, саятшылық дәстүрі және ата кәсіптің жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәні туралы ой бөлісті.

Шара барысында Манай әулетінің өнерпаз ұрпақтары да өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге әсерлі сәттер сыйлады. Мамырхан Аружан би билеп, кеш қонақтары әулеттің өмірі мен дәстүрін танытатын бейнебаяндарды тамашалады.

Кеш соңында ұйымдастырушылар Манай әулетіне алғыс білдіріп, арнайы алғыс хат табыстады. Тағылымды кездесуге келген оқырмандар мен қонақтар мазмұнды кештен ерекше әсер алып қайтты.

 Manai äuletı 2  Manai äuletı 3  Manai äuletı 4  Manai äuletı 5  Manai äuletı 10  Manai äuletı 12  Manai äuletı 15
 Manai äuletı 7  Manai äuletı 11  Manai äuletı 6  Manai äuletı 8  Manai äuletı 13  Manai  Manai äuletı 9

 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp