«Ұлттық киім – халық қазынасы» ұлттық киім дефилесі
18 наурыз күні кітапханада Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Наурызнама» онкүндігі аясында ұлттық киім дефилесі өтті.
Шараның негізгі мақсаты – ұлттық кодты жаңғырту, ата-баба дәстүріне құрмет көрсету және қазақы нақыштағы киімдерді күнделікті өмірде кеңінен насихаттау болды. Кешке жиналған қонақтар ұлттық киім үлгісінде келіп, ерекше сән мен салтанатқа куә болды.
Аталған іс-шара қоғам қайраткері, ҚР мәдениет қайраткері Ақанов Сағымбек бастаған Өскемен қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесе ұйымдастырылды. Шара барысында ұлттық киім киген аталар мен әжелер, кітапхана қызметкерлері қатысқан дефиле көпшілік назарына ұсынылды.
Кеш аясында ұлттық құндылықтар кеңінен дәріптеліп, қонақтар қазақтың дәстүрлі әндерін тыңдады. «Ақ босаға» ансамблі өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бағдарлама барысында ұлттық киімдердің тарихы мен ерекшеліктері туралы танымдық мәліметтер беріліп, ою-өрнектердің мән-мағынасы кеңінен түсіндірілді. Аталар жас ұрпаққа ақ батасын беріп, әжелер ұлттық киім үлгілерінің шығу тарихы туралы тағылымды әңгімелер айтты.
Сонымен қатар, заманауи технологиялар да назардан тыс қалмады. Жасанды интеллект көмегімен дайындалған бейнематериалда ұлттық элементтердің қазіргі сән индустриясымен үйлесімі көрсетілді. Отандық дизайнерлердің ұлттық нақышты заманауи үлгімен ұштастырған киімдері ерекше қызығушылық тудырды.
Шара барысында көрермендермен интерактивті ойын ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Кеш соңында қатысушылар бірлесіп «Қара жорға» биін билеп, естелік суретке түсті.
«Ұлттық киім – халық қазынасы» атты тағылымды шара ұлттық мұраны ұлықтауға, дәстүр мен заманауи үрдісті сабақтастыруға бағытталған мазмұнды мәдени басқосу ретінде жоғары деңгейде өтті.
| |
|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|



























