phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Өлеңімнің өзегі – Өр Алтайым» облыстық байқау

«Өлеңімнің өзегі – Өр Алтайым» облыстық байқау

30 сәуір  күні сағат 14.00-де кітапханада ұстаз, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Рақымжанұлының өмірі мен шығармашылығына арналған облыстық байқау өтеді.

Бар ғұмырын ұстаздыққа арнаған Төлеген Рақымжанұлы өмір бойы туған ауылы - Еңбекте еңбек етті. 1961 жылдан бері туған ауданында, туған ауылында қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, мектеп оқу ісінің меңгерушісі, директоры болып қызмет істеді. Катонқарағай ауданынан Қазақстан Жазушылар одағына мүше болған алғашқы ақын. Ал кітаптары көзі кеткеннен кейін ғана жарық көрді.

Оның «Буырқанған бұқтырма», «Туған жер сені жырлаймын» атты жыр жинақтары жарық көрген және 1999 жылы «Ағажай, Алтайдай жер қайда» деген атпен шыққан катонқарағайлық ақындардың жыр жинағына бір топ өлеңдері енген. Төлегеннің қарымды қаламынан шыққан туындылары өскелең ұрпақты адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеп, арман биігіне жетелейтіндігімен құнды. Ол туған жерінен ешқайда аттап баспай, Алтайдың ұлылығы мен сұлулығын қырық жылдан астам уақыттан бері асқан шабытпен жырлап өтті.

Аталмыш байқаудың мақсаты: Төлеген Рақымжанұлының әдеби мұрасын насихаттау, жастардың шығармашылық ізденістерін дамыту.

Байқауға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің, жоғарғы оқу орындарының 14-25 жас аралығындағы оқушылары мен студенттері қатыса алады.

Өтінімдер мен шығармашылық жұмыстар 2026 жылдың 1-26 сәуірі аралығында қабылданады. Қорытынды шара 2026 жылдың 30 сәуірі күні сағат 14.00-де кітапхананың мәжіліс залында өтеді. Байқау жеңімпаздары әділқазылар шешімімен анықталып, қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Жырсүйер қауымды, өлкеміздің өнерлі жастарын байқауға қатысуға шақырамыз!


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp