phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Анамыз бір, алайда...» онлайн таныстырылымы

«Анамыз бір, алайда...» онлайн таныстырылымы

2026 жылдың 8 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жазушы, ұстаз, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, драматург әрі сыншы Айзат Рақыштың «Анамыз бір, алайда…» атты кітабының онлайн таныстырылымы өтті.

Онлайн форматта ұйымдастырылған әдеби шараға оқырмандар, әдебиетке қызығушылық танытқан көрермендер қатысты. Кездесу барысында автордың шығармашылық жолы, әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасы және жаңа кітабының мазмұны кеңінен сөз болды.
Кездесу аясында кітаптың құрылымы мен мазмұнына қатысты мазмұнды сұхбат өрбіді. Жазушыдан «Анамыз бір, алайда…» хикаятының жинақтағы орны, әртүрлі жанрларды бір кітапқа топтастыру себебі, кейіпкерлердің прототиптері, бүгінгі қоғамдағы рухани құндылықтар мәселесі туралы ойлары сұралды. Сонымен қатар автор шығармаларындағы негізгі идеялар, әдеби сынға қатысты көзқарасы және қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыты жөнінде пікір білдірді.
Шара соңында оқырмандар тарапынан еркін сұрақтар қойылып, әсерлі диалог орын алды. Кездесу мазмұнды әңгіме мен рухани әсерге толы болып, қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.


Байланыс тел.: 261333 (119)


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp