phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Қарасөздің қас жүйрігі»: әдеби талқы

«Қарасөздің қас жүйрігі»: әдеби талқы

2026 жылғы 23 сәуір күні сағат 14:00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдары негізінде «Қарасөздің қас жүйрігі» атты әдеби талқы өтеді.

Әдеби басқосу барысында жазушының қазақ тарихы мен ұлттық рухты көркем бейнелеген шығармалары талданып, оның тарихи романдарының көркемдік ерекшелігі мен танымдық маңызы жөнінде пікірлер айтылады. Қаламгердің шығармашылығы арқылы халқымыздың өткен тарихы, елдік мұраттары мен ұлттық құндылықтары кеңінен сөз болады.
Шараға әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері, жас зерттеушілер, студенттер мен кітапсүйер қауым қатысып, Қабдеш Жұмаділов шығармашылығы жайлы ой-пікірлерімен бөліседі.
Кездесудің мақсаты – қазақ прозасының көрнекті өкілдерінің бірі саналатын жазушының тарихи романдары арқылы ұлттық тарих пен рухани мұраны дәріптеу, оқырмандар арасында көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.
Баршаңызды тағылымды әдеби кездесуге шақырамыз.


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp