«LoveTalk: махаббат және заманауи»: пікірсайыс
15 сәуір күні «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» күніне орай А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханамыздың төрінде нағыз интеллектуалды пікірсайыс өтті!
«Ақ жол» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған «LoveTalk: махаббат және заманауи» атты пікірсайыс кеші жастардың қызу талқысына ұласты.
Сайысқа Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің білімді де білікті студенттері қатысты. Екі тарап та өте жоғары дайындықпен келген екен: «Романтиктер» тобы - сезім мен адалдықтың маңызын шебер дәлелдеп, бүгінгі сайыстың жеңімпазы атанды!
«Прагматиктер» тобы - заман талабы мен логикаға сүйене отырып, өте жақсы қырынан көзге түсті. Олардың салмақты уәждері көпшілікті бей-жай қалдырмады.
Мереке аясында өткен бұл іс-шара жастардың ой-өрісін кеңейтіп, пікірсайыс мәдениетін қалыптастыруға үлкен септігін тигізді. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!



























