phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
    «Артық ғылым кітапта...»: Оқы, таны, таңғал!

    «Артық ғылым кітапта...»: Оқы, таны, таңғал!

    Кітап оқу — трендте! Ұлттық кітап күніне орай Пушкин атындағы кітапхана апта бойы тоқтаусыз іс-шаралар марафонын өткізеді. Біз құрғақ есеп үшін емес, нағыз кітап сүйер қауым үшін есігімізді айқара аштық!

    Апталық 16 сәуір күні сағат 14:00-де «Кітап керуенінің» салтанатты жабылуымен басталады.

    Келесі күні, 17 сәуірде «Күн көзіндегі көлеңке» Гүлнұр Зұлқаршын (11:00) мен «Толқын ғұмыр» Толқын Уызбаеваның (14:00) жаңа туындыларының тұсауы кесіледі.

    18 сәуір — ең қарбалас күн: таңертең оқырмандар форумында бас қоссақ, түсте нәзік жандыларға арналған «Ең бақытты әйел» тренингі, ал сағат 15:00-де «Бажовский киномарафон» кино режиссерлері және актерлерімен қызықты кездесу күтіп тұр.

    Ерекше формат іздегендер үшін 20 сәуірде кешкі сағат 18:00-де әлеуметтік желілерде «Кітапханадағы түнгі студия» тікелей эфирге шығады.

    21 сәуірде «Кітап – білім бұлағы» интерактивті кітаптар, «Кітап, Тарих, Шежіре» атты сирек жәдігерлер көрмесін тамашалай аласыздар.

    Апталықтың нүктесін 23 сәуірде сағат 14:00-де «Үздік оқырманды» анықтап және классик жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Қарасөздің қас жүйрігі» әдеби талқылаумен қоямыз.

    Келіңіздер, көріңіздер, кітап әлемінің ерекше қуатын бізбен бірге сезініңіздер!

    aptalyk 1 aptalyk 2

     


     DosAI

     old site

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     

    :


    ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp