«Ең бақытты әйел» семинар-тренинг
18 сәуір күні, сағат 10.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада қаламыздағы әйелдердің көшбасшылық дағдыларын дамытуға арналған «Ең бақытты әйел» атты тренинг өтеді. Семинар-тренингтің спикері – кітапханашы Гүлбаршын Тілегенқызы.
Жарты күнге жоспарланған тренингтің негізгі мақсаты – әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру, көшбасшылық қасиеттерін арттыруға, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби дамуына ықпал ету, аудитория алдында әсерлі жеткізу дағдыларын қалыптастыру .
Аталған шараға қаламыздағы «Жан сарайы» клубының мүшелері, «Ақжол» партиясының өкілдері, түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді әйелдер, жас мамандар, кәсіпкерлер, кітапхана оқырмандары қатысады деп күтілуде.
Әйел білімді болса – ұрпақ ұлағатты болады. Сондықтанда, оқу, білім алу қандай жаста да кеш емес.
Рухани құндылықтар мекенінде – кітапханамызда өтпекші тренингтен тыс қалмаңыз!



























