«Жан серігім - домбыра» шығармашылық кеш
Кітапханада музыка пәнінің ұстазы, домбырасын жанына серік еткен өнерпаз әнші Асанова Гүлназ Саркембайқызының шығармашылық кеші өтті.
Мазмұнды кешке өнер иесінің әріптестері, туған-туыстары, шәкірттері, өнерсүйер қауым және “Төр Алтайдың әдеби әлемі” тобының мүшелері қатысты.
Шара барысында Гүлназ Саркембайқызының ұстаздық жолы, өнердегі өнегелі еңбегі, қазақтың әні мен күйін дәріптеудегі орны кеңінен айтылды. Кеш қонақтары жүрекжарды лебіздерін білдіріп, өнер иесінің адамгершілік болмысы мен мәдениет саласына сіңірген еңбегіне ерекше тоқталды.
Кеш барысында ән шырқалып, домбыраның күмбірлеген қоңыр үні көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Сондай-ақ, кеш иесінің шығармашылық жолынан сыр шертетін естеліктер айтылып, арнайы құттықтаулар мен алғыс тілектер жолданды.
Рухани кештің қорытындысында кітапхана ұжымы Гүлназ Саркембайқызына шығармашылық табыс, зор денсаулық тілеп, ұлттық өнерді насихаттау жолындағы еңбегіне ризашылықтарын білдірді.
Осындай тағылымды кездесулер ұлттық өнерді ұлықтап, жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне серпін беретіні сөзсіз.
| |
|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|































