phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Көк тудың желбірегені»: Алмас Ахметбекұлымен рухты кездесу

«Көк тудың желбірегені»: Алмас Ахметбекұлымен рухты кездесу

29 мамыр күні кітапханада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай белгілі ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы Алмас Ахметбекұлымен тағылымды шығармашылық кездесу өтті.

Ұлттық рух пен отансүйгіштік сезімді арқау еткен рухани шараға кітапхана оқырмандары, зиялы қауым өкілдері, жастар мен мектеп оқушылары қатысып, қазақ поэзиясының көрнекті өкілімен жүздесудің ерекше мүмкіндігіне ие болды. Кеш басталмас бұрын залда патриоттық әндер шырқалып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Кездесуде Мемлекеттік рәміздердің ел тарихындағы орны мен маңызы туралы мазмұнды ой қозғалып, тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі – Көк Тудың қасиеті жайында құнды ойлар айтылды. Сондай-ақ автор көпшіліктің жүрегінен орын алған «Көк тудың желбірегені» өлеңінің тарихын айтып берді.
Кеш барысында ақын өз шығармашылығы, өмір жолы, туған жерге деген сағынышы мен елдік рух туралы әсерлі әңгімелер айтып, оқырмандармен ашық сұхбат құрды. Әсіресе мемлекеттік рәміздердің қадірін ұғындыру, жастар бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру, ана тілінің мәртебесі және қазіргі қоғамдағы ақынның миссиясы жайындағы ой-пікірлері көпшілік көңілінен шықты.
Шара аясында Ұлпан Қанатқызы мен Жүгініс Ермек ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар Қабдоллаев Дәулет Мәулітханұлының орындауындағы патриоттық ән кештің мазмұнын байытып, рухани атмосферасын тереңдете түсті.
«Ашық микрофон» бөлімінде оқырмандар ақынға өз сауалдарын қойып, еркін форматта пікір алмасты. Жастар тарапынан қойылған сұрақтар мен ақынның шынайы жауаптары тағылымды әңгімеге ұласып, кездесу мазмұнын аша түсті.
Кеш соңында Алмас Ахметбекұлы өзінің жаңа жырларын оқып, оқырмандарына ақ тілегін арнады. Шараның қорытынды сәтінде қатысушылар ақынның елге кеңінен танылған «Көк тудың желбірегені» әнін бірге орындап, ерекше рух пен әсерге бөленді.
Тағылымды кездесу соңында қонақтар ақынмен естелік суретке түсіп, кітаптарына қолтаңба алды.

 

Almaz Ahmetbek 2 Almaz Ahmetbek 3 Almaz Ahmetbek 5 Almaz Ahmetbek 6 Almaz Ahmetbek 7 Almaz Ahmetbek 8
Almaz Ahmetbek 10 Almaz Ahmetbek 12 Almaz Ahmetbek 13 Almaz Ahmetbek 14 Almaz Ahmetbek 15 Almaz Ahmetbek 16

 


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp