|
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі дарынды жастарды қолдау және оларды одан әрі ынталандыру мақсатында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын тағайындауға байқау басталғаны туралы хабарлайды.
Ағымдағы жылдың аяғына дейін 10 номинация бойынша лауреаттар анықталатын болады. Сыйлық туралы хабарландыру Министрліктің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1242087?lang=kk сілтемесі арқылы орналастырылған.
Аталған конкурсқа өтінімдер ұсыну 2026 жылдың 17 маусымынан бастап 17 қыркүйек аралығы жүргізіледі.































