phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

"Журналистика жүрек ісі" кездесу

"Журналистика жүрек ісі" кездесу

30 маусым күні кітапханада белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагері, ақын Ғафура Сәрсенбайқызымен кездесу өтті.

Рухани басқосуда қаламгер оқырмандармен емен-жарқын әңгімелесіп, өмір жолынан сыр шертті. Кездесу барысында журналистикадағы алғашқы қадамдары, ұзақ жылдар еңбек еткен «Дидар» газетінің өз өміріндегі орны, шығармашылықтағы ұстанымы мен кәсіби тәжірибесі жайында кеңінен әңгімеледі.

Шара барысында Қазақстан Журналистер одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мерей Қайнарұлы сөз сөйлеп, Ғафура Сәрсенбайқызының өңірлік журналистиканы дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Кездесуде қаламгерге «Қазақстанның Құрметті журналисі» медалі табысталды.

Кешке қатысқан журналист, аудармашы Жұмағазы Игісін, Айтұхамбет Қасым мен Уәлихан Тоқпатаев әріптестері ретінде естеліктерімен бөлісіп, Ғафура Сәрсенбайқызының адамгершілік болмысы мен шығармашылық еңбегіне жоғары баға берді. 

Еркін форматта өткен жүздесу оқырмандардың белсенді қатысуымен жалғасып, пікір алмасу алаңына ұласты.

Кеш музыкалық тартулармен әрленіп, соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, ардагер журналистке ақжарма тілектерін арнады.

 


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp