«Ұлы дала перзенті» кітабының тұсаукесері
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан олыстық кітапханасында 18 қыркүйте сағат 10.00-де «Ұлы дала перзенті» атты кітаптың таныстырылымы өтеді.
Аталған еңбектің авторлары - Нәбиолда Кемешев пен Нұрғайни Мұқанова. Бұл кітап - бала кезінен қиын еңбекке ерте араласқан, Қазақстандағы ең алғашқы комбайнды тізгіндеген еңбек даласының дара тұлғасы, бала комбайншы Айтжан Башимованың өмірі мен еңбек жолына арналған. Балалық шағы ашаршылық пен соғыс ауыртпалығына тұспа-тұс келген Айтжанның тағдыры – тұтас бір дәуірдің тарихы. Кітапта оның еңбекке адалдығы, сіңірген еңбегі, өнегелі өмірі жан-жақты баяндалады.
Айтжан Башимова 1941 жылы соғыс басталғанда небәрі 13 жаста болып, Өскемен қласындағы №7 кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түседі. Механизатор мамандығын алып, 14 жасынан бастап комбайн тізгіндейді.
Елге еткен елеулі еңбегі жоғары бағаланып, 35 жасында Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланады. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерен ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Кітапта Айтжан Башимова жайлы архивтік деректер мен ауылдастардың еңбек адамы жайлы сұхбаттары топтастырылған. Айтжан Башимованың өмірі – бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі боларлық ғұмыр. Аталмыш еңбек – ел есінде қалған ерен тұлғаның, батыр қыздың рухына тағзым, ұрпаққа өсиет.
Таныстырылымға зиялы қауым өкілдері, оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысады деп жоспарлануда.































