Бейнесюжеттердің таныстырылымы
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қаламгер-журналист Ғалым Байбатыров, Айтмұхамбет Қасымұлы және ақын Жанат Әскербекқызының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнематериалдардың таныстырылымы өтті.
Шара барысында ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің тілшісі Амина Бақытбекова дайындаған үш бейнематериал көрермен назарына ұсынылды. Материалдарда қаламгерлердің шығармашылық жолы, әдеби мұрасы, кәсіби еңбегі мен тұлғалық болмысына қатысты деректер қамтылды.
Таныстырылым барысында бейнематериал жасаудың ерекшелігі, әдеби тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын таныстырудың мүмкіндіктері және шығармашылық еңбекті кеңінен насихаттаудың маңызы сөз болды. Кездесу соңында шара қонақтары авторға шығармашылық жұмысы үшін алғыс білдірді.
Шара әдеби мұраны насихаттап, қаламгерлердің шығармашылық жолын жаңа форматта таныстыруға мүмкіндік берген мазмұнды кездесу болды.































