«Записки из Будущего. Истории из жизни медвежат-путешественников» атты ертегі-романының тұсаукесері
21 қазанда сағат 09:00-де кітапханада жазушы Яна Абдеевамен кездесу және оның балаларға арналған «Записки из Будущего. Истории из жизни медвежат-путешественников» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтеді.
Яна Абдеева – «Звено Алтая» аймақтық әдеби бірлестігінің мүшесі, Пушкин кітапханасының қызметкері, Қазақстандағы жалғыз фантастика әуесқойлары клубы – «Әлемдер тоғысы» (КЛФ «Перекресток Миров») клубының төрайымы.
Кездесу барысында оқырмандар ертегі-романның жазылу тарихымен танысып қана қоймай, авторға өздерін қызықтырған сұрақтарын тікелей қоюға мүмкіндік алады. Сондай-ақ кітаптан үзіндіні шығарманың авторының өз аузынан тыңдайды.
Кітап кейіпкерлерін осы және келесі кітаптарда қандай қызықты оқиғалар күтіп тұр? Неліктен қазіргі балалар бұл шығарманы оқуы керек? Кейіпкерлердің өмірде нақты прототиптері бар ма? Осы және басқа да көптеген сұрақтар кездесуде талқыланады.
Қатысушыларды қызықты әдеби ойын-саяхат, белсенді оқырмандарға арналған сыйлықтар, әсерлі буктрейлер, мазмұнды слайд-презентация күтеді. Сонымен қатар автордың қолтаңбасын алу және жазушымен естелік суретке түсу мүмкіндігі де болады.
Болашаққа бірге саяхат жасайық!
Байланыс тел.: +7 705 719 9243































