phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Архив

Әлем таныған Әуезов

Әлем таныған Әуезов

Абайды әлемге танытқан қазақ әдебиетінің классигі, шоқтығы биік тұлға, ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері, әлем әдебиетінің мақтанышы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында «Мұхтар Әуезов – көркем сөздің хас шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің алғашқы бөлімі заңғар жазушы М.Әуезовтің туған жері, балалық шағы, білім алған оқу орындары туралы әдебиеттерден бастау алады. Атап айтсақ, «Бөрілі - Әуез әулетінің ата қонысы» шағын кітабы ұлы жазушының туған жерімен таныстырса, «М.О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі» жинағында жазушының өзінің өмірі туралы жазған қолжазбаларынан алынған архивтік деректер берілген. Ал, «Мұхтар аға» атты естелік кітапта қаламгердің қарындасы Гүлнәр Омарханова М.Әуезов өміріндегі әрқилы кезеңдерді айта келе, оның асыл қасиеттеріне, ататегі мен шежіресіне тоқталады.
Жазушының әдеби қызметінің басталуы үлкен тарихи оқиға - Алаш қозғалысына тұспа-тұс келеді. Көрменің екінші бөліміне қойылған Р.Нұрғалидың «Әуезов және алаш», «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов», А.Ісімақованың «Алаш әдебиеттануы», «Тәуелсіздік және Алаш ғылымы», Д.Қамзабекұлының «Алаш және әдебиет», Қ.Раевтің «Алаштың арда ұлдары» т.б. жинақтарында қаламгердің Алаш көсемдерімен қатар жүріп атқарған қызметі мен сол дәуірдегі тарихи оқиғаларға қатысты тың деректер қамтылған.
Көрменің келесі бөлімі ұлы жазушының шығармашылық жолынан сыр шертеді. М.Әуезов өз заманында ең білімді қазақтың бірі болған. Көрмеге қойылған «М.О. Әуезов және қазіргі қазақ әдебиеті», «Мұхтар шыңы», Л.Ауэзованың «История Казахстана в творчестве М.Ауэзова», Н.Анастасьевтің «Трагедия триумфатора», А.М. Картаеваның «Мұхтар Әуезовтің шығармашылық әлемі», «Неизвестное в наследии Мухтара Ауэзова», «М.О. Әуезов шығармашылығының тәуелсіздік кезеңінде зерттелуі», Ғ.Есімнің «Кемеңгер Мұхтар» және т.б. көптеген басылымдар қаламгердің артында қалдырған бай шығармашылық мұрасымен таныстырады. Көрмеге М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Қилы заман», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Көксерек», «Кінәмшіл бойжеткен», «Красавица в трауре», «Қорғансыздың күні» сынды көркем шығармалары да қойылды.
Заңғар жазушы М.Әуезовтің өшпес шығармаларын миллиондаған оқырман асқан қызығушылықпен оқиды. Көрменің «Абайды танытқан әлемге...» атты бөлімінде жазушының ұлы ақын Абай Құнанбайұлымен сабақтастығы көрініс табады. Әлемнің 116 тіліне аударылып, 200 томдық «Дүниежүзілік әдебиет кітапханасына» енген, XX ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі болып саналатын М.Әуезовтің «Абай жолы» еңбегі көрме төрінен орын алды. Ә.Медеуханұлы «Ұлы Абай елінде», «Абайдың киелі даласы», «Абайдың ғұмырнамасы:ғылыми-танымдық дерекнама жинағы», Т.Жұртбайдың «Бесігіңді аяла!..» жинақтарында жазушының «Абай жолы» романының жазылу тарихы мен зерттеулер берілген. Сондай-ақ, қазақ әдебиетінің алыптары Абайдың даналық тағылымын Әуезовтің шығармашылық мұрасында жалғастыруы жерлесіміз А.Картаеваның «Абай мен Мұхтар Әуезов: рухани сабақтастық пен көркемдік тұтастық» ғылыми зерттеуінде кеңінен сөз етіледі.
Көрмеге ұсынылған Мұхтар Әуезовтің әдеби, ғылыми, тарихи мол мұрасы – біздің асыл қазынамыз. Сіздерді ұлы жазушыға арналған кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!

Байланыс тел.: 26-13-33


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp