phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Архив

 «Балабақшада» жаңа кітаптың  тұсаукесері

«Балабақшада» жаңа кітаптың тұсаукесері

Бүгін 4 қарашада А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстандағы «Балалар жылы» аясында жерлес жазушы Оралбек Булжановтың «Балабақшада» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Оралбек Рәбілұлы Булжанов, кітап авторы, ақын, аудармашы, сазгер, әнші, термеші.
Биыл 2022 жыл Балалар жылы аясында шығып отырған бұл кітап, 10-15 жылғы еңбегімнің жемісі. 2006 жылы балабақшаға музыка жетекшісі болып орналастым. Сол кезде тәрбиеші, мұғалімдерде ашық сабақ, ертеңгіліктер жүргізгенде қажетті мәліметтер, әр түрлі тақырыпқа арналған өлеңдер табу қиын болды. Интернет желісіндегі байланыс әлсіз болды. Сол кездердегі қажеттіліктен осы кітаппта жинақталған өлеңдерім дүниеге келді.
Кітап "Балабақша гимні" ән-өлеңімен басталып балабақшада өтетін әр бір мерекеге арналады. Сонымен қатар балаларға арналған шағын әңгімелер, аударма өлеңдер, әр түрлі тақырыптарды қамтитын тақпақтар мен қызықты жұмбақтарға толы.

Құдайбергенова Нургуль Құдайбергенқызы, А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы, Білім Орталығының жетекшісі
Оралбек аға 2014-жылы «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері жинағына енгізіліп, 2018 жылы «Өнерге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. Оралбек Рәбілұлының биылғы балалар жылына орай шыққан, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге және бастауыш сынып оқушыларына арналған «Балабақшада» кітабы балаларға арналған нағыз базарлық болып отыр.
Автордың бұл кітабында енген балалардың тілін, ойлау қабілетін дамытуға арналған туындыларын балаларыңыз бен немерелеріңізге оқып беруге асығыңыздар.

Buljanov 1 Buljanov 2 Buljanov 3 Buljanov 4 Buljanov 5 Buljanov 6
Buljanov 7 Buljanov 8 Buljanov 10 Buljanov 11 Buljanov 12  bulj

 

Байланыс тел.: 26-13-33 (119)


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp