phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Архив

    «Қазақтың  Көкжал Барағы» әдеби және тарихи-танымдық байқауының ЕРЕЖЕСІ

    «Қазақтың Көкжал Барағы» әдеби және тарихи-танымдық байқауының ЕРЕЖЕСІ

    1. Жалпы ақпарат

    «Қазақтың Көкжал Барағы» әдеби және тарихи-танымдық байқауы (бұдан әрі – Байқау) Көкжал Барақ Шүрекұлының есімін халыққа насихаттау үшін ұйымдастырылады. Абылай ханның қаһарман сарбазы, халқы көкжал атандырған, аты үш жүзге мәшһүр тарихи тұлға Көкжал Барақ Шүрекұлы – XVІІІ ғасырда Қазақ елін қанымен, жанымен қорғаған Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Қарасай, Шақшақ Жәнібек батырлармен тізе қосып қаһарлы жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, қол бастаған батырлардың бірі.

    2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
    2.1 Елін, жерін қорғаған қазақ батырларының есімін ұлықтау, жас ұрпаққа насихаттау;
    2.2 Жастар бойындағы отанды сүю қасиеттерін арттыруға ықпал ету, елдік пен ерлік рухына, қайсарлық қасиеттерге баулу;
    2.3. Өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға ықпал ету.

    3. Сайысты ұйымдастырушылар, қатысушылар және өткізу мерзімі:
    3.1. Байқауды ұйымдастырушы – А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы.
    3.2 Байқауға ересек адамдармен қоса (жасы шектеусіз) мектеп оқушылары (9-шы сыныптан жоғары), жоғарғы және арнаулы орта білім ошақтарының студенттері қатыса алады;
    3.3 Сайысқа қатысуға өтініш және шығармашылық туындылар 2023 жылдың 1 ақпанынан 1 мамырға дейін қабылданады;
    3.4 Байқау ережесі кітапхананың https://pushkinlibrary.kz/ru/ сайтында және https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kz әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.

    4. Сайысты өткізу шарттары мен тәртібі:
    4.1 Байқауға қатысушыр жайлы толық ақпарат көрсетілуі тиіс (аты-жөні, туған жылы, оқу орны немесе атқаратын қызметі, байланыс номері);
    4.2 Қатысушы Көкжарлы Көкжал Бараққа арналған келесі жұмыстарды жібере алады:
    - өзі шығарған өлең-жырлар;
    - ел ішінен жиналған аңыз-әңгімелер;
    - танымдық деректер;
    - естеліктер;
    - Батырға арналған өлкетану сабағының үлгісі (мұғалімдер үшін).
    4.3 Байқауға қатысушылар өтініштерін және байқауға ұсынатын жұмыстарын 2023 жылдың 1 ақпанынан 1 мамырға дейін Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 102 үйде орналасқан А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың Тіркеу бөліміне тапсыруына немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды пошталарына «Байқауға» деген тақырыппен жіберуіне болады.
    4.4 Жеңімпаздар https://pushkinlibrary.kz/ru/ сайтында және
    https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kz әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.

    5. Қорытындылау және марапаттау:
    5.1 Қатысушылардың жұмысы жас ерекшелігі бойынша, балдық жүйемен бағаланады;
    5.2 Қазылар алқасы шығармалардың орфографиялық, стилистикалық және көркемдік ерекшеліктерін ескере отырып, дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды;
    5.3 Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады;
    5.4 Байқау нәтижесінде үздік болып танылған жұмыстар Көкжал Барақ батырға арналған электронды кітапқа енгізілетін болады;
    5.5 Марапаттау рәсімі мамыр айындағы Батыр күні қарсаңында өткізіледі.

    Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан, 102. Пушкин кітапханасы

    Байланыс телефондары:
    Кемешева Меруерт: 87052819343
    Абылгазинова Гүлбаршын: 87056241725


     DosAI

     old site

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     

    :


    ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp