phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Архив

    Астанаға деген махаббатпен!

    Астанаға деген махаббатпен!

     6 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі Астана күні аталып өтіледі. Елордамыз қысқа уақыт ішінде еліміздің барлық азаматтарының күш-жігерінің арқасында Еуразия орталығында ірі саяси, экономикалық, мәдени және білім беру орталығына айналды.

    Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама  кітапханада 1 шілде күні «Өз астанаңды бейнеле!» атты балалар сурет көрмесінен бастау алды.

    Мереке қарсаңында, 5 шілдеде «Астанаға деген махаббатпен!» мерекелік бағдарламасы өткізіліп,  кітапхана алдындағы алаңда қонақтарымыз кітап көрмесімен танысып, танымдық конкурстар мен ойындарға қатысып, «еркін микрофонда» ән айтып, өлең оқып, мерекелік құттықтауларын жолдады.

     «Әлемге нұрын шашқан арман қала» интерактивті кітап көрмесі - 25 жыл ішінде елорданың қалай өзгергенін, қалыптасу және даму тарихымен таныстырды. Кітап көрмесінде ұсынылған фотоальбомдар қаланың тынысын, қуатты энергиясымен, көрікті жерлерімен және сәулеттік шедеврлерімен бүгінгі Астананың атмосферасын сезінуге көмектеседі.

    Жылдан-жылға біздің мемлекетіміздің астанасы өсіп, кеңейіп, гүлденуде. Бұл еліміздің жаңғыруының, жаңаруының және дамуының символы. Оның рухани, экономикалық және әлеуметтік әлеуетін көрсеткіші. 

    Мереке күні баршаңызға зор денсаулық, құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік, ырыс пен ынтымақ,  Отанымызға гүлдену мен бейбітшілік тілейміз! Астанамыз асқақтап, жайнай берсін!

     Astana 1  Astana 7  Astana 5  Astana 14  Astana 12
     Astana 6  Astana 8  Astana 11  Astana 13  Astana 15

     

    Байланыс тел.: 261-333


     DosAI

     old site

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     

    :


    ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp