phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ПТ: 8:00-18:00
         СБ-ВС: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Новости и афиши

    Қаламгермен сырласу

    Қаламгермен сырласу

    22 қыркүйек күні сағат 14.30-да  кітапханада белгілі қаламгер, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақышпен шығармашылық кездесу өтеді.

    Тағылымды жүздесу – оқырман мен қаламгерді жақындастыратын, әдебиет пен руханиятты тоғыстыратын мәнді басқосу болмақ. Кездесудің мақсаты – жерлес жазушының шығармашылық жолын кеңінен танытып, оның туындылары арқылы оқырманға ой салу, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, кітап оқуды насихаттау.

    Кездесу барысында қаламгердің шығармашылық әлемі, туындыларының тақырыптық ерекшелігі, кейіпкерлер болмысы мен қазіргі балалар әдебиеті жайында әңгіме өрбиді.

    Президентіміздің оқитын ұлт қалыптастыру, зерделі ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы бастамаларымен үндесетін мұндай әдеби жүздесулер – кітапқа құштарлықты арттырып, ойлы оқырман қалыптастырудың маңызды алаңы. Өйткені кітап оқыған адам – ойға терең бойлайды, ал ойлы ұрпақ – елдің ертеңін қалыптастырады.

    Кездесуге кітапхана жанынан құрылған «Төр Алтай» клубының мүшелері мен кітапхана оқырмандары қатысып, қаламгерге көкейдегі сауалдарын қойып, шығармашылығы жайында еркін пікір алмасады.

    Бұл – қалам мен оқырманды, өткен мен бүгінді, сөз бен ойды сабақтастыратын рухани жүздесу болмақ.

    Барша әдебиетсүйер қауымды Нұрдәулет Ақышпен сырлы сұхбатқа, тағылымды кездесуге шақырамыз!


     DosAI

    Предыдущая версия сайта

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     

    :


    ВКО, г. Усть-Каменогорск
    ул. Казахстан, 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp