10 тамыз күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Абай күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті.
10 тамыз күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Абай күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасын және «Балалар кітапханасы» бағдарламасын әске асыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында қазақ әдебиетінің барлық жанрларын қамтитын балаларға ұсынылатын көркем әдебиеттер ТІЗІМІ қалыптастырылды, арнайы тізіммен таныс болыңыздар https://disk.yandex.kz/d/j-HofagV8nsYNw
Құрметті оқырман! Сіздерді еліміздің Астана күніне арналған «Астанаға деген махаббатпен!» әдеби экспозициялық көрмесіне шақырамыз. Көрме кітапхананың екінші қабатында орналасқан және 3 шілдеден 13 шілде аралығында жұмыс істейді.
Құрметті оқырмандар! Қазақстанда шілде айының бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы баршаңызды «Ұлттың үні – Домбыра!» атты әдеби көрмесін тамашалауға шақырады. Көрме кітапхананың екінші қабатында орналасқан және 1 шілде –10 шілде аралығында жұмыс істейді.
19 маусым күні Пушкин атындағы облыстық кітапханада жерлесіміз, Катонқарағай ауданының турмасы Талғат Қашқынбаевтың «Қазақ күресінің саңлағы» кітабының тұсаукесері өтті.
6 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы әлем әдебиетінің классигі, ұлы ақын, жазушы, өшпес туындылардың авторы – Александр Сергеевич Пушкиннің 225 жылдығына арналған мерекелік шара өткізді.
4 маусым күні кітапхананың ұйымдастыруымен жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, ақын, журналист Бақыт Ихсанұлының «Қарымды журналист, сыршыл ақын» атты шығармашалық кеші өтті.
31 мамыр – ел тарихынан ерекше орын алатын күн. Кітапханада ұйымдастырылған «Зұлмат жылдар елесі» интерактивті әдебиеттер көрмесі Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ұжымдастыру жылдарындағы ашаршылық тарихына арналады.