phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Аңызға айналған ұстаз» еске алу кеші

«Аңызға айналған ұстаз» еске алу кеші

14 мамыр  күні сағат 14. 00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ҚР - ның еңбек сіңірген мұғалімі, профессор, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының 80 жылдығына  арналған «Аңызға айналған ұстаз» атты еске алу кеші өтеді.

Ол – «Құрмет» орденінің, «Ы.Алтынсарин» төсбелгінің, бүкілодақтық Н.Крупская медалінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Республиканың «Ең үздік» ұстазы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Шығыс Қазақстан облысының, Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы». Оның 200-ге тарта ғылыми-әдістемелік мақаласы, 41 кітабы жарық көрген. Ғалым-ұстаздың іс-тәжірибесі жөнінде бірнеше оқу фильмі түсіріліп, 2004 жылы «Дәуірдің дара ұстазы» атты кино-очерк жарияланған.

Абайды оқыту туралы, Әуезовті оқыту туралы кітаптар  жазып, республикада тұңғыш іргелі зерттеулер жасаған. Республикада алғаш рет құрылған өзінің авторлық сыныптарында «Абайтану» курсын оқытты.

Қанипа ұстаз: «Мені ұстаз етіп қалыптастырған – шәкірттерім» депті бір сөзінде. Өмірінің соңғы жылдарында жазған «Егіз өрім» атты кітабында 45 жылдық ұстаздық ғұмырын «Таңымды «мектеп» деп атырып, түнімді «мектеп» деп батырып жүргенімде 45 жылдың қалай өткенін білмей де қалдым. 45 минуттан 45 минутқа жалғасып жатқан ғұмыр кешіппін... 45 минут мені дәулет, байлық биігіне көтермесе де, рухани байлық сыйлады, есімімді елге аңыз етіп таратты. Осы 45 жылда мен халқымның қазір өмірде жоқ асыл сөз иелерін тірілтуге, тірісін ұлықтауға тер төктім» деп көрсеткен екен. Төккен терін оқушылары ақтап жүр. Жүздеген шәкірт тәрбиеледі?! Олардың қаншамасы ғылым жолына түсті?! Қаншамасы еселі еңбегімен халыққа танылған тұлғалар қатарында.

Қанипа Омарғалиқызы 2013 жылы «Егіз өрім» педагогикалық эсселер жинағын жазды. Кітаптың алғы сөзін ақын Ж. Әскербекқызы жазып, Б.М. Сапарбаевтың қолдауымен басылып шыққан. Бұл автордың соңғы еңбегі болды. Ұлы ұстаз 2014 жылы 9 қыркүйекте дүниеден өтті. 

Аталмыш шараға осы «Егіз өрім» кітабының кейіпкерлері ұстаздың шәкірттері, әріптестері арнайы шақырылып отыр.

Қазақ әдебиетін оқытудың тың үлгісін қалыптастырып, жаңашылдығымен көзге түскен, есімі сонау Одақ кезінде саусақпен ғана санарлық педагогтардың қатарында тұрған,  әріптестері Алтынсариннің ізбасары деп бағалаған, хан апасы атанған – Қанипа Бітібаеваның қалдырған ізі мәңгілік.

Ұлы ұстазды  ұлықтайтын еске алу кешінен тыс қалмаңыздар! Біз сіздерді кітапханада күтеміз!


 DosAI

 old site

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp