
Цифрлық трансформация және жаңа көкжиектер
29 мамыр күні «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының» ұйымдастыруымен Марқакөл ауданында «Кітапханалардың заманауи даму тенденциялары» атты семинар-практикум өтті.
Шара аясында ауылдық кітапханашылар кәсіби тәжірибе алмасып, жаңа бағыттармен танысты.
Семинар барысында облыс кітапханаларының даму стратегиясы таныстырылып, «Цифрлық кітапханашы: жасанды интеллект және кітапхана» тақырыбында оқырманмен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері талқыланды.
Семинарға қатысушылар кітапханалық нейро-ассистент – DosAI-дың қызметімен танысып практикалық жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар Яндекстің Шедеврум жобасының қызметі және қолданылуы, Suno AI — музыкалық шығармаларды жасауға арналған жасанды интеллект бағдарламасымен жұмыс істеуді үйренді
Семинардың басты идеясы – кітапхананың болашағы мен цифрлық трансформациясына дайындық, жаңашыл көзқарас қалыптастыру.
Кәсіби даму жолындағы мұндай кездесулер – болашақтың кітапханасын қалыптастырудағы маңызды қадам.
![]() |
![]() |
![]() |