phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Халықаралық фестивальде “Абай әлемі” кітаптар топтамасының тұсаукесері өтті

Халықаралық фестивальде “Абай әлемі” кітаптар топтамасының тұсаукесері өтті

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданында өткен “Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі” халықаралық фестивалі аясында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы “Абай әлемі” кітаптар топтамасының жаңа шығарылымын көпшілікке таныстырды.

Аталған шара көрнекті жазушылар Қалихан Ысқақтың 90 жылдығы мен Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылған “Төр Алтай Қалиханы мен Дидахметін жырлайды” поэзия фестивалімен қатар өтті. Шара барысында “Төр Алтайдың әдеби әлемі” атты арнайы кітап көрмесі ұсынылып, оқырмандар назарына өлкелік руханият пен әдебиетке қатысты тың еңбектер жол тартты.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан “Абай әлемі” жобасы – көркем әдебиетті насихаттауға, ұлттық руханиятты өркендетуге бағытталған маңызды жоба. Биылғы топтама қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері — жазушы Қалихан Ысқақ пен қаламгер Дидахмет Әшімханұлының таңдаулы туындыларымен толықты. Сонымен қатар, “Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары” жинағы да оқырманға жол тартты. Бұл еңбекте өңір тарихы мен мәдени мұрасын бейнелейтін халық аңыздары топтастырылған.
Жаңа жинақтардың тұсауын ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық «Алаш», тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының иегері Иран-Ғайып Оразбаев, белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облысындағы өкілі Әлібек Қаңтарбаев кесті.

Tör Altaidyñ ädebi älemı Tör Altaidyñ ädebi älemı 1 Tör Altaidyñ ädebi älemı 3 Tör Altaidyñ ädebi älemı 4 Tör Altaidyñ ädebi älemı 5 Tör Altaidyñ ädebi älemı 7

 


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp